Автосақтандыруды уақытында рәсімдемей, айыппұл арқалап жүрмеңіз. Биыл 2 сәуірден бастап жүргізушілерді қадағалайтын «Сергек» камераларына жаңа функциялар енгізілді. Енді қаладағы 114 бейнебақылау камерасы автосақтандырудың бар-жоғын және техникалық тексерістен өткен-өтпегенін анықтап, айыппұлды автоматты түрде рәсімдейді.
«Сергек» камераларына жаңа қосымша енгізілді. Енді автосақтандыруды уақытында рәсімдемеген және техникалық тексерістен өтпеген көліктер бірден анықталып, айыппұл автоматты түрде салынады. Осы уақытқа дейін «Сергекті» сынамаған адам аз. Бүгінде қала тұрғындары арасында жаңа жүйеге деген көзқарас әртүрлі. Бірі қолдаса, енді бірі дұрыс емес дейді.