Мойынқұмда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Жазық даланың төсінде жатқан шағын ғана Қарабөгет ауылы үлкен өзгерісті қолға алып отыр. Тұрғындар бастамасымен ондағы дүкендерде спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салынды.

Ауылдағы алқалы жиында құқық қорғау органдары қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, ауыл имамы және ақсақалдар алқасы тұрғындармен жүздесіп, бастаманың маңыздылығын кеңінен талқылады. Ауыл ақсақалдары мен жастары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осы игі бастаманы көтеріп, нақты іске айналдырып отыр.