Бұлақ көрсең көзін аш! Бабалар өсиеті аймақта іс жүзінде жалғасын табуда. Мысалы, Т. Рысқұлов ауданы, Сұлутөр тауының бөктерінде «Мөлдір бұлақ» жалпыхалықтық экологиялық акциясы өтті. Акция аясында бұлақ көздері ашылып, тазартылып, айналасы абаттандырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, еріктілермен бірге ағаш егу жұмыстары жүргізілді.

Күн күркіреп, толассыз жаңбыр жауып тұрса да, бұл жерге облыс әкімінен бастап, аудан ақсақалдары мен еріктілер де жиналды. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, олардың барлығы игі іске ат салысу үшін бас қосты. Алдымен аймақ басшысы сөз алып, шараның мағызына тоқталды. Ол сөзінде бұлақтың көзін ашу – ата – бабадан жеткен асыл аманат екенін айтты.