Таразда ақын, журналист Хамит Есаманның шығармашылығына арналған кездесу кеші өтті. Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, “Алтын тобылғы” әдеби сыйлығының иегерімен колледж білімгерлері жүздесіп ақынның жауһар жырларын оқып, сүбелі сұқбат құрылды.

Хамит Есаман - әдебиет пен журналистика саласын қатар алып жүрген қаламгер. Оның шығармашылығы – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған айрықша үлес. Бұл кеш оның өрнекті жырларын ұлықтап, жаңа ұрпаққа таныстыру үшін тамаша мүмкіндік болды. Іс-шараны ұйымдастырған Абай кітапханасы қызметкерлері мұндай кездесулер жас оқырмандардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген құштарлығын оятуға себепкер – дейді