Шаһарда тағы бір «Жас сақшы» полицей сыныбы ашылды. №15 мектеп-гимназиясының қабырғасында 23 оқушы салтанатты түрде ант беріп, оларға арнайы куәліктер табысталды. Оқушылар мұнда тек теориялық біліммен шектелмей, құқықтық сауаттылықты меңгеріп, тәртіп пен заңға құрметпен қарауды, ел мен жер алдындағы жауапкершілікті терең сезінуді үйренеді.

Салтанатты рәсімде барлық құқық қорғау қызметкерлері мен оқушылар сап түзеді. «Жас сақшы» сыныбына мектептен 23 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, арнайы куәліктер табыс етілді.