Қазақстанда тұрғын үй саудасы қыза бастады. Наурыз айында елде барлығы 28 мыңнан астам сату-сатып алу шарты жасалған. Бұл ақпандағы көрсеткіштен 4 пайызға көп. Әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында сатылған үйлер көп. Халық тарапынан 1 бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Ал жер үйлерге қызығушылық керісінше төмендеген. Мамандар мұндай өсімді Отбасы банк салымшылары үшін мемлекеттік сыйақының берілуімен байланыстырып отыр. Қосымша қаржы түскен соң ипотека рәсімдегендер күрт көбейген.