Сарысу ауданындағы Түркістан ауылдық округіне қарасты «Көсегенің көк жоны» аумағында «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы өтті.Тазалық пен табиғатты қорғауды мақсат еткен шараға аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі этнос өкілдері мен жастар белсенді қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар алдымен «Қамыр әулие» кесенесіне зиярат жасап, құран бағыштады. Одан кейін аудан басшысы табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бастаманың қоғам үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.Акция аясында қатысушылар тал отырғызып, аумақты тазалап, игі іске өз үлестерін қосты.