Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Моңғолия астанасы Ұланбатырда 48 кг салмақта өнер көрсеткен жамбылдық спортшы Айгерім Сәттібаева финал жолдамасы үшін алаң иесі Номундарь Енх-Амгаланмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қос спортшы да белсенділік танытты. Нәтижесінде төрешілер шешімімен (5:0) қарсыласы жеңіске жетіп, Айгерім чемпионатта қола жүлдеге қол жеткізді. Ал командалык есепте ел құрамасы чемпионатты 1-ші орынмен аяқтады.