Жамбылдықтар экологиялық акцияға белсенді атсалысуда. Жасы да, қарты да, тіпті, мекеме басшылары да тазалық акциясында тал егіп жүр. Мәселен, Шулықтар жүгеріні терең өңдейтін зауыт аумағында бір күнде 300-ге жуық көшет отырғызды.
Бұл іс-шара өңірдің жасыл қорын көбейтуге қосылған нақты үлес. Сол себепті, еріктілерден бөлек тұрғындар мен бірқатар басшылар игі іске білек-сыбана кірісті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары мен биотек» компаниясының бас директоры және бірқатар кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.