Былтыр ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмасын орындау жөніндегі кеңесте айтылды.
Кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды. 4 мың шақырым теміржолда ірі инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жиында Премьер-министр тасымалдың барлық түріне қатысты баяу жүріп жатқан жұмыстарды сынға алып, жеделдетуді тапсырды.