Мектеп оқушылары 1000 түп гүл егіп, Таза Қазақстан экологиялық акциясына атсалысты. Олар білім ордасының ауласына раушан гүлдерін отырғызып, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Алдымен мектеп алдында өлең оқып, би билеген оқушылар шараның көркін қыздырды. Кейіннен қолдарына күрек алып, қызу жұмысқа кірісті.

Мектеп алдына жиналған оқушылардың дайындығы жоғары. Барлығы арнайы қолғаптарын киіп, гүл егуге ерекше құлшыныспен келгендей. Бірақ алдымен мектеп алдында көңілді әндер шырқалып, әдемі билер орындалды. Барлығы да жиналған оқушылардың көңіл күйін көтеріп, шараның шырайын аша түсті.