Таразда көктемгі шақырылым аясында жас сарбаздарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригада әскери қызметшілері елдің әр өңірінен келген жас сарбаздарға құрмет көрсетті.

Теміржол вокзалында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен ІС шара жас жігіттерге алғашқы сәттен-ақ көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаңа шақырылған сарбаздар Таразға түрлі аймақтардан келіп жатыр. Пойыз қозғалысына байланысты олардың келуі тәуліктің әр мезгіліне сәйкес ұйымдастырылған.