Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен су добынан Азия чемпионатында жүлдегер атанған спортшылармен кездесіп, оларға құрмет көрсетті.
Кездесуге ҚР су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ су добынан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының жаттықтырушылары қатысты. Қазіргі таңда өңірде су добы спорт түрімен 477 спортшы айналысып, оларға 12 жаттықтырушы жетекшілік етуде. Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасының 90 пайызы және ерлер құрамасының 60 пайызы – Жамбыл облысының спортшылары.