Тараз футбол клубы жеңілді деп еңсе түсірмейік. Есесіне Тараздық мектеп оқушылары республикалық футбол турнирінде топ жарды. Жас спортшылар тартысты бәсекеде шеберліктерін көрсетіп, Астанадан алтынмен оралды.

Жас чемпиондарды Тараз теміржол вокзалынан жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Жалпы футбол турниріне Қазақстанның әр өңірінен жиналған 15 команда қатысқан.