38 жыл мұғалімдік қызмет еткен Баршагүл Баялиеваның «Өмір қымбатсың маған» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітапта ақынның отбасы, отан, табиғат секілді түрлі тақырыптарға арналған жырлары мен мақалары, проза, поэзия аралас туындылары топтастырылған.
Зейнеткер бұл жыр жинағында жалпы өз басынан өткен, өмірден көрген-түйген оқиғаларын өлең тілімен, көркем сөзбен жеткізген. Таралым саны 100 дана. Баршагүл баялиеваның кітабын шығаруға Облыстық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» септескен. Сондықтан жинақтың ішінде орталыққа арналған бірнеше өлең, мақалалары да бар.