Бүгін қазақтың көрнекті қаламгері, айтыскер – ақын Шорабек Айдаровтың 70 жылдық мерейтойыны орай «Жарық сәуе» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ - ақынның ұзақ жылдар бойы жинақтаған еңбегінің нәтижесі.
1955 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген. Шорабек Айдаров бала кезінен өнерге жақын болып, ақындығымен көзге түскен. Ол өзінің ерекшелігімен, қоңыр үнімен, астарлы әзілімен, тапқырлыққа толы сөздерімен елдің жүрегіне жол тапқан. Бүгінде айтыскер ақын 70 жасқа толып өзінің «Жарық сәуе» атты жыр жинағын оқырман қауымға ұсынды. Бұл жинақ аз уақытта шыққан дүние емес, көп жылдық еңбектің нәтижесі дейді ақын.