Таразда Қазақ киносының онкүндігі басталды. Іс-шара Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Қазақ киносының онкүндігі шынайы оқиғаға негізделген «Капитан Байтасов» фильмімен ашылды. Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесіп түсірген. Фильмде Ғазиз Байтасовтың Таразда лаңкестерді тоқтатып, өз өмірін құрбан еткені баяндалады. 2011 жылдың 12 қарашасында тәртіп сақшысы қылмыскердің атқан оғын тосып, жарған гранатаны денесімен жауып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтаған. Бұл – шынайы оқиғаларға негізделген драма-экшн.