Бүгін Сарысу ауданында “Заң мен тәртіп қауіпсіз балалық шақ кепілі” тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Жиынның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі, мектеп пен қоғамның өзара ықпалын нығайту мәселелері.
Форум аясында осылайша оқушылардың шығармашылық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ жаңа бастамалар таныстырылып, оқушылар арасында «Жас StarGov», «Жас прокурор», «Жас сақшы» және «Жас құтқарушы» жобалары іске қосылды.