Жамбыл ауданында 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантты 90 азамат алды. Бұл қолдау көптеген тұрғындарға өз кәсібін бастауға мүмкіндік берді. Өткен жылы өз ісін бастаған тұрғындардың алғашқы легі өнімдерін де алып, еңбектің нәтижесін көруде.

Қазіргі таңда өңірде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аса ауылының тұрғыны Шыңғыс Базарбай іздене келе, осы кәсіпті таңдап, мемлекеттік бағдарлама аясында 1,5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды. Бүгінде үй жағдайында балық шаруашылығын қолға алып, алыста емес ауласында ақ түрлі балықтарды күтіп-баптаумен айналысуда. Оның бұл идеясының жүзеге асуына мемлекеттік қолдау үлкен серпін берген.