Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Алқалы жиында ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды. Басқосуда қоғамдағы ардагерлердің рөлі, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.