10 сәуірі күні Ғылым күніне орай Достық үйінде «ҒЫЛЫМ TALKS» атты TED-алаңы өтті. Аталған іс-шараны «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мен Тараз қаласының жоғары оқу орындары бірлесіп ұйымдастырып отыр.

TED форматындағы бұл алаң – ғылымды дәріптеуге, ғылыми ойлауды қалыптастыруға және ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлік-коммуникациялық платформа. Іс-шара аясында жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы және жас зерттеушілер өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, ғылымды көпшілікке қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізеді. TED-алаңға жоғары оқу орынының ғалымдары, тәжірибелі профессор-оқытушылар және жас ғалымдар қатысты. Іс-шараға қатысушылар TED форматына сай 7–10 минут ішінде өз ғылыми идеяларын ұсынып, тәжірибелерімен бөліседі.