Таразда 30 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. 28 млрд теңгеге баспана салынуда. Баспаналар жаңадан құрылған «Шапағат» шағын ауданынан бой көтермек.
Мердігерлер материалдардың 70%-ын отандық өндірушілерден алып жатырмыз- дейді.Ал биыл қаланың әр түкпірінде 150 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерге төмен пайызбен ұсынылады.