Мемлекет басшысы Ғалымдарды марапаттау кезінде қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін қалыптастырудың да маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, «Таза Қазақстан» жобасы тек абаттандырумен шектелмей, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Бастама азаматтарды ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ болашақты бірге құруға үндейтінін атап өтті. Сондай-ақ, жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет – дамудың басты негізі екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналуында сапалы адам капиталы шешуші рөл атқаратынын жеткізді.