Тараздық студент сарқынды суларды тазалау әдісін елімізге енгізуге ниетті. Америка еліндегі технологиялық кешенді енгізіп, сарқынды суларды тазарту арқылы ауыз суға қолжеткіземіз дейді. Ал, ғалымдар қар мен жаңбыр суын дамыған елдердің тәжірибесін енгізуге шақырады.

Рахман Ақшабаев 2 курс студенті. Ол сарқынды суларды тазарту арқылы таза ауызсуға айналдыру әдісін зерттеп жүр. Студент Нью-йорк қаласындағыдай ақаба суларды өңдейтін технологияны біздің елімізге де енгізу керектігін айтады. Аталған технологияны енгізу үшін де қыруар қаржы қажет. Себебі мұндай әдіспен ластанып шыққан суларды тазартатын жүйе біздің елде жоқ.