Тараз қаласында экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы абаттандыруға бағытталған «Таза қала» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шара аясында жаңа ағаштар отырғызылды. Бұл дегеніңіз қаланың жасыл қорын толықтырып, көшелерді көркейтіп, тұрғындарға қолайлы өмір сүруге бағыттылған.
Сенбілік Сәтпаев көшесіндегі №17 және №19 үйлердің маңында өтті. Акцияның маңыздылығы — ағаш отырғызуға қала әкімі, еріктілер және Тараз тұрғындарының өздері қатысқанында. Мұндай ұйымшылдық — азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қаланың болашағына деген бейжай қарамауды көрсетеді.