Ескі кітаптарға екінші өмір сыйлаңыз. Бұл акцияда ардагерлер қауымы белсенді. Бүгін олар тағы да 500 кітапты белсенді ұзақ өмір орталығына табыс етті.
Бұл іс-шара ел Президентінің «Кітап оқитын ұлт» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Халықтың тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған зияткерлік-ағартушылық бастамаға аға буын осылай үн қосып отыр.