Жұтар ауа жұпар, қоршаған орта көрікті, айнала таза болуына кім жауапты? Әлбетте бұл үшін жүздеген адам тынымсыз тер төгіп жатқанын байқай да бермейміз.

Мәселен, Таразда күніне 600-ден аса тазалық сақшысы жұмысқа шығады. Қақаған аязда, ызғарлы боранда, нөсерлі жаңбырда, аптап ыстықта жұмысын тоқтатпайтын олардың еңбегі – ортақ игілік.

Әр таң сайын тараздағы тіршілікті тазалықпен бастайтын жандардың бірі – Тойжан Қырықбанова. Оның қолындағы қарапайым сыпыртқы мен күрек – күнделікті қолданатаны құралы. Он жылға жуық уақыт ішінде ол әр маусымның мінезін танып, табиғатқа бейімделіп те алдық дейді.