«Есейхан» елді мекеніндегі су жүйесі істен шыққан, Мойынқұмның халқы әлі күнге дейін тіршілік нәрін тасымалдап ішеді, одан қалса, орталығының өзінде су сағатпен беріледі. Бірақ Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайыз. Бұл мәліметтер «Аманат» партиясының өңірлік комиссия отырысында мәлім болды. Осындай олқылықтарды қатаң қадағалау үшін бас партия өкілдері өңірдегі іске асырылып жатқан 19 жобаның тізімін сұрады.