Жеміс-жидек пен көкөніс тапшылығы күрт өсуі мүмкін. Себебі табиғи тозаңдандандырушы - аралар жыл сайын миллиондап азайып барады. Ара болмаса, өнім болмайды, табиғат та жұтайды. Осы қауіпті сезген 8-сынып оқушылары Ерсұлтан мен Інжу нақты шешім ұсынып отыр. Олардың жобасы араны қорғау арқылы- табиғатты қолдау, адамзаттың болашағын қорғау. Жас өнертапқыштар жобасы енді халықаралық деңгейде қорғалмақ.