9 сәуірден 10 сәуірге қараған түні полицияға Жамбыл ауданы аумағында жайылымда қараусыз қалған жылқылар жоғалды деген ақпарат келіп түскен. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған жылқылар табылды.
Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданына қарасты тау бөктерінен жоғалған 24 бас жылқы бір тәулікке жетпей табылып, иесіне қайтарылды. Полицейлердің кәсіби іс-қимылының арқасында малдың ұрланып кетуіне жол берілмеді. Мал иесі полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдірді. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды малды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.