Еліміздің халық саны 20 миллионнан асты. 2026 жылдың наурыз айындағы демографиялық деректерге сәйкес, Қазақстанда 20 миллион 499 мың адам тұрады. Ал Тараз қаласы мен жалпы Жамбыл өңіріндегі нақты халық саны қанша? Облыс орталығында қанша тұрғын бар екенін халық біле ме?
Біздің облыс халық саны бойынша республикада 6-орында. Егер қалада оң динамика сақталған жағдайда, қала халқының саны 500 мыңнан асуы мүмкін. 2022 жылдың басынан бері тұрғындар саны 64,7 мың адамға яғни 15,3%-ға артқан. Мұндай өсім 2024 жылғы 29 қарашадағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес қала шекарасының кеңеюімен байланысты. Сонымен қатар, облыстың барлық аудандарында ауыл халқының азаюы байқалады. Өңірдегі қартаю индексі 100 балаға шаққанда 27,4 адамды құрады.