Елімізде әрбір 13- тұрғын қан құюға мұқтаж. Ал, донор болуға ниетті азаматтар саны әр мың адамға шаққанға 15-17 адам ғана. Сондықтан бүгін Таразда Жаңа адамдар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қайырымдылық жасап қан тапсырды.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыстық қан орталығына жылына 16 мың азамат қан тапсырады. Оның 70 пайызын тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар құраса, қалған 30 пайызы қайырымды іске ат салысатын ерікті тұрғындар. Бүгінгідей игі іс Қазақстанның 18 ірі қаласында өткізілуде. Осылайша, жастар науқастардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қоспақ.