«AMANAT» партиясының депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, партия тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз қоғам» жобасы аясында атқарылған жұмыстар барысы айтылды.

Фракция отырысын партия филиалының төрағасының орынбасары ашып, күн тәртібіндегі мәселені тізіп шықты. Ең алдымен Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету, кедергісіз ортаны дамыту, әлеуметтік қолдау, оларды жұмыспен қамту секілді бүгіннің басты мәселелеріне қала әкімінің орынбасары тоқталып өтті.