Жамбыл жоғары медициналық колледжіне 90 жыл толды. 1936 жылы негізі қаланған оқу ордасы ғасырға жуық уақыт ішінде мыңдаған білікті мамандарды даярлап, өңіріміздің денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осыған орай бүгін «жасанды интеллект және медециналық білім беру саласындағы заманауи әдіс тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық іс – шара өткізілді.
Колледждің 90 жылдық мерейтойына арналған алқалы жиын жасанды интеллект технологияларын жан – жақты зерттеу және практикалық тұрғыда енгізу тақырыбын талқылады. Сондай – ақ жиында медициналық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен байланыстарды нығайту, цифрлық денсаулық сақтау талаптарына бейімделген мамандарды даярлау сапасын арттыру сөз болды.