Жабайылыққа жауапкершілік бар ма? Аймақта тарихи ескерткіштерді бүлдіру фактілері әлі де тыйылмай тұр. Жыл басынан бері 20 адам вандализм әрекетін жасап, жауапқа тартылған. Сонымен қатар, заңсыз ескерткіш тұрғызу деректері де анықталған. Бұл туралы «Тарихи-мәдени мұраны қорғаудағы заң және тәртіп: жауапкершілік пен сақтау» атты семинар-кеңесте айтылды.

Семинарда тарихи-мәдени мұраларды қорғау саласындағы жаңа ережелер таныстырылды. Атап айтқанда, жауапкершілік пен мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, елімізде жаңадан орнатылатын монументтік өнер туындылары мен мемориалдық тақталарды орнату тәртібі түсіндіріліп, осы бағыттағы нормативтік талаптар мен рәсімдерге ерекше назар аударылды.