Бөртегүл жұлып айыппұл төлеп жүрмеңіз. Сәуір айының символына айналған бөртегүлді жұлсаңыз 216 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайсыз. Әлеуметтік желіде осындай жазбалардың тарағанына да 4-5 күндей болды. Халық арасында қызу талқыға түскен заңға көпшіліктің көзқарасы қалай? Ал гүл дүкендерінде бөртегүлдің саудасы қалай жүріп жатыр?
Сондай-ақ, жоғарыда аталған бап бойынша, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе зақымдағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 2026 жылғы есеп негізінде 216 мың теңгені құрайды. Яғни бөртегүлді де жұлсаңыз жауапкершілікке тартыласыз деген сөз. Ал заңға қатысты көпшіліктің ойы екіге бөлінді,бірі табиғатты қорғау десе, бірі артық талап көбейді дейді.