Астанада өтетін Орталық Азиядағы ең ірі экологиялық саммитке дайындық қызу жүріп жатыр. Осы аптада бас қалаға 5 мемлекеттің басшысы мен жоғары деңгейдегі халықаралық сарапшылар келеді. Ауқымды жиын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.