Таразда Бәйтерек мөлтек ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, Таза аула» атты экологиялық іс-шара өтті.

сексен еріктінің қатысуымен өткен «Таза аула» акциясы аясында бәйтерек мөлтек ауданын құрылыс қалдықтарынан, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқын Таза қазақстан тұжырымдамасы аясында облыста елеулі еңбек атқарылуда. Осы уақытқа дейін, өңірде 60,9 мың гектар алқапқа 112,8 млн дана ағаш отырғызылып, жалпы саны 16,8 мың адам тазалық шараларына жұмылдырылған.