Елімізде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 триллион теңгені құрады. Ал, Жамбыл облысы инвестиция тартудан және құрылыс көлемі жөнінен Республикада көшбасшы өңірлер қатарына қосылды.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы даму нәтижелері Үкімет отырысында қаралды. Ұлттық экономика министрлігі келтірген мәліметтер бойынша ел дамуында оң динамика бар.