Биыл елімізде «Ұлттық кітап күні» – екінші рет аталып өтуде. Бұл оқырман мәдениетін жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Алғаш рет 2025 жылы кең көлемде ұйымдастырылған бұл мереке биыл да жалғасуда. Нәтижесінде сәуірдің 16 мен 23 аралығында осы күнге арналған түрлі іс-шара өткізілмек.
Кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан рухани ошақтардың бірі – Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы. «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аталған орталық өңірде кітап шығару, тарихи-танымдық еңбектерді жинақтау және насихаттау ісінде белсенділік танытып келеді.