Бүгінде аймақта жалпы сомасы 5,6 трлн теңгені құрайтын 116 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде мыңдаған жұмыс орындары құрылып, азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылады.
Соның бірі индустриялық аймақта салынып жатқан ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт. Бұл кәсіпорынның құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бүгінде зауыттың 1-ші кезеңінің құрылысы 70 пайызға аяқталған. Жауапты қытайлық мердігер компания кәсіпорынды маусым айында толық аяқтап, пайдалануға береміз деп жоспарлап отыр.