Биыл Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойы. Осыған орай, бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада «Жыр мен күйдің құлагері» атты өнер кеші өтті.
Іс-шараға қатысқан жастарға аға буын өкілдері Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттады. Себебі, композитордың ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесін жас ұрпақ біліп, жадында сақтауы тиіс.