Биыл 25 сәуірде Талас ауданы, Есейхан ауылының маңында ерекше атмосфераға толы ауқымды іс-шара ұйымдастырылады.Бұл көктемнің ең көркем мерекесі – «Қызғалдақ мұра» фестивалі. Ұйымдастырушылар мерекені биыл да жоғары деңгейде, ерекше форматта атап өтпек.
Бұл күн – табиғаттың жаңаруы мен ұлттық мұраның тоғысқан сәті. Фестивальдің басты ерекшелігі: Нидерландыдан келген қонақтар 40 000 дана қызғалдақ тұқымын сыйға тартып, өңірдің гүлденуіне үлес қосады! Бағдарламада: Қолөнершілер көрмесі, Ұлттық ойындар,Қымызмұрындық рәсімі, Фудкорт, Спорттық жарыстар және бағалы жүлделер. Сондықтан осындай әсерлі іс-шарадан құр қалмаңыз!