2 миллиард 865 миллион теңге! Бұл аймақтағы автокөлік салығының қарызы. Өңірде 340 мыңға жуық көлік құралы тіркелген. 1-Сәуірге дейін жалпы 6,6 млрд теңге көлемінде төлем күтілген. Алайда, межелі мерзім өткенімен салық толық өтелмеген.
Құзырлы органдар төлемді кейінге қалдырмай, мүмкіндігінше жедел өтеудің маңызын атап өтуде. Бүгінде төлем жасау жолдары жеңілдетілген: банктер, терминалдар және мобильді қосымшалар арқылы салықты бірнеше минутта төлеуге болады.