Биыл еліміздің бағалау қызметіне 30 жыл толды! Осыған орай өңірде Қазақстан бағалаушыларының 2 Ұлттық конгресі ұйымдастырылды. Ауқымды іс – шараға еліміздегі кәсіби бағалаушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай – ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен шетелдік кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты.

Конгресстің Таразда өтуі кездейсоқ емес. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды орталықтардың бірі ретінде танылған. Қалада ежелгі қолөнер мен сауда дәстүрлері сақталып, бүгінгі заманауи экономикалық үдерістермен сабақтасып жатыр.Осы тарихи сабақтастық пен экономикалық маңыздылық Таразды халықаралық деңгейдегі кәсіби алаң ретінде таңдауға негіз болды.