«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде ашық есік күні өтті. Әскери қызметшілердің ата-аналары, студенттер мен оқушылар үшін барлық гарнизондардағы әскери бөлімдер бір мезетте өз есіктерін айқара ашты.

Ашық есік күні аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс полкінде қонақтарға арналған ерекше бағдарлама ұсынылды. Іс-шараға тек мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың ата-аналары ғана емес, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен бірге оқушылар да қатысты. Қонақтар үшін әскери спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Калашников автоматын жинау және бөлшектеу, турникке тартылу, арқан тарту бойынша сайысқа түсті.