Ұмытылып бара жатқан қазақтың қызыл ірімшігін өндіретін ірі өндіріс жоқтың қасы. Дәмі тіл үйіретін бұл өнімді қазір шаруалар ғана жасап келеді. Ұлттық жеңсік асты шағын кәсіпке айналдырып отырғандардың бірі - Меркі ауданы Т. Рысқұлов ауылдық округінің тұрғыны Гүлжан Ниесова.
Меркі ауданында ірімшік шығаратын бір емес, бірнеше шаруашылық бар. Соның бірі Гүлжан Ниесова жетекшілік ететін кіші кәсіпорын былтыр ғана ашылыпты. Осыдан он жыл бұрын Ойтал ауылынан дәл осындай сүт өнімін шығаратын цехты ашқан ол енді міне, Тұрар Рысқұлов аулдық округінен де іске қосыпты. Күніне тұрғындардан 1 тоннадан астам сүт қабылданып, қайнатылады. 6 адам тұрақты түрде жұмыс істесе, олардың ішінде бұл істі жетік меңгерген тәжірибелі мамандар да бар.