Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай, алдағы 3 жылда барлық салаларды сандық форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарлануда. Бұл – «Аманат» партиясының да сайлауалды бағдарламасында бекітілген басты бағыттарының бірі. Сондықтан облыстық мәслихаттағы партияның депутаттық фракция отырысы цифрландыру жұмыстарына арналды.
Біріншісі – Жамбыл облысының 2026–2028 жылдарға арналған цифрлық трансформациялау картасы. Бұл құжат өңірдің технологиялық даму бағытын айқындайды және тиімді цифрлық экожүйе қалыптастыруға бағытталған. Екіншісі, 2030 жылдарға арналған цифрлық даму стратегиясы. Бұл құжат цифрлық инфрақұрылымды дамыту, деректерге негізделген басқару тәсілдерін енгізу және цифрлық қызметтерді кеңейту бағыттарын қамтиды. Тағы бір маңызды құжат – «ақылды» қалаларды дамыту стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Аталған құжат қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, Smart City шешімдерін енгізу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.Жалпы, қабылданған шаралар өңірдің «Smart Region» моделіне кезең-кезеңімен көшуіне және цифрлық экономиканы дамытуға мүмкіндік береді.