Қаржылық пирамидалардың қаупі әлі де сейілер емес. Тұзағына түскен тұрғындар қатары азаймай тұр. Бұл қылмыс акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы секілді мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне, сондай-ақ, азаматтарының әл-ауқатына кері әсер етпей қоймайды. Қаржылық инвестиция саласындағы өте қауіпті әрі кең тараған заңсыз әрекет - азаматтарды сан соқтырып қана қоймай, әлеуметтік шиеленістерді күшейтетіні сөзсіз.
Қаржы пирамидасы халықтың қаржы секторына, оның институттары мен құралдарына деген сенімін күйретіп, экономикаға да кері әсер береді.
Былтыр қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру, оның ішінде мұндай схемаларды заңсыз жарнамалау бойынша бес қылмыстық іс тіркелсе, 2026 жылдың бірінші тоқсанында қаржылық пирамидаға қатысты үш қылмыстық іс тіркелді. Сондықтан, ның алдын алу маңызды. 2025 жылы және 2026 жылдары жауапты департамент өкілдері өңірдегі жоғары оқу орындары мен білім мекемелерінде қаржылық сауаттылық бойынша 30-дан астам дәріс ұйымдастырыпты.