Жайлау жайлап, бие байлап, саумал сауып, қымыз баптап күн кешкен- көшпенділерден жеткен құндылықтың бірі – қымызмұрындық. Жылқыдан асқан мал бар ма, қымыздан асқан дәм бар ма? - деп дегдарлықты дәріптеген дәстүр ххі ғасырда да өз жалғасын тауып отыр. Көктемдегі берекелі іс шара рысқұлов ауданында бастау алды.
Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен дәріптеліп, ақ жаулықты аналар күбі пісіп, келген қонақтарға қымыз бен ұлттық тағамдар ұсынылды. Қымызмұрындықтың мәні – бие байлап, алғашқы қымызды көпшілікпен бөлісу дәстүрі көрініс арқылы көрсетіліп, оның тәрбиелік маңызы айқындалды.